АВТОРЛЫҚ КУРС: «АСБ БАР БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК»
Мен 2015 жылдан бері аутизм диагнозы қойылған балалармен жұмыс жасаймын, дегенмен оңалтудағы жеке тәжірибемді 2000 жылдан бастап санауға болады; мен ұлымның «саңырау» екенін алғаш білген кезде, осыдан 20 жыл бұрын аутизм туралы менікінен көп білмейтін көрінетін мамандар маған тыныштандыратын дәрілер ішуге кеңес берген еді.
Мен баласына көмектескісі келген қарапайым ата-анадан «Тау гипоксиясының табиғи жағдайында аутизм диагнозы қойылған балаларды оңалту», «Даму ерекшеліктері бар балаларға арналған адаптивті сырғанау» әдістемелерінің және ерекше қажеттіліктері бар балаларды бейімдеу мен әлеуметтік интеграциялау саласындағы басқа әдістемелердің авторына дейінгі күрделі жолдан өттім. Осы күнге дейін біздің барлық бағдарламаларымыз арқылы 3000-нан астам бала өтті; үлкен тәжірибе, халықаралық конференцияларға қатысу, ал 2021 жылы мені қазан айында АҚШ-тағы Сан-Франциско қаласында өтетін «Neurocare 2021» Халықаралық конгресіне оңалтудың жаңа әдістемесінің тұсаукесерімен қатысуға шақырды.
Дегенмен, мен үшін ең маңызды қадам — ғылыми дәлелденген оңалту әдісімен бөлісуге дайындығым!
Енді мен аутизм және аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) диагнозы қойылған балалардың ата-аналарына арналған алғашқы онлайн курсымды дайындап жатырмын, ол менің алған және қайта өңдеген білімімнің квинтэссенциясы; ол балаларын қолжетімді түрде дамыту, оқыту және бейімдеу үшін қарапайым құралдарды алуға және қолдануға мүмкіндік береді.
Мен сіздерді осы материалды зерттеуге шақырамын және қажет болған жағдайда мен Сізге жеке кеңес беруге дайынмын!
Маған сеніңіз, бәрі қарапайым және тиімді; ең бастысы — балаларымыздың ерекшеліктерін түсіну және олардың туа біткен әлеуетін арттыруға көмектесу!
Бұл курстың аутизм және АСБ диагнозы қойылған балалармен немесе олардың жанұяларымен жұмыс істейтін мамандар мен тәрбиешілерге де пайдасы зор.