«Pioneer» отбасылық тау курортының тарихы 2015 жылы Жанат Қаратай мен оның отбасы Іле Алатауының баурайында қараусыз қалған тау шаңғысы базасын сатып алған кезден басталды.
Бірақ курорт құру идеясына шынымен ену үшін Жанатпен жақынырақ танысу қажет. Жанат — бес баланың анасы. Олардың біріне үш жасында аутизм диагнозы қойылған, бұл бүкіл Қаратай отбасын сол кезде есеңгіреткен болатын. Бірақ олар мойымады және Әлібектің дамуына мықтап кірісті.
Сабақтарға толы жылдар өткізіп, отбасының қолдауымен Әлібек дербес бозбала болып өсті, ол әрі қарай да білім алып, өмірінде жетістіктерге жетуді жалғастыруда
Әлібектің дамуында оның өміріне белсенді спорт түрлерін енгізу шешуші рөл атқарды. Ата-анасы оған велосипедпен жүруді игеруге көмектесті, жүзуге апарды және 11 жасында шаңғымен сырғанауға үйретті (бұл ретте Жанат Қаратайдың барлық балалары үш жасынан бастап шаңғы тебетінін атап өткен дұрыс).
Мұндай жетістіктер Жанатты осындай жағдайға тап болған басқа отбасыларға да көмектесуге итермеледі. Ол ондаған дәрістерге, семинарларға қатысып, әлемдік деңгейдегі мамандармен әңгімелесті.